Ата-аналарға
Көксай негізгі мектебі бойынша 2016-2017 оқу жылында мектепішілік ата-аналар жиналысының жоспары құрылған.
Мектепішілік ата-аналар коммитетінің төрағасы Балабекова Назира Дүсебековна сайланды.
Ата-аналар коммитет мүшелері болып Маутанова Бағлан мен Исаева Марина сайланды. Жалпы ата-аналар коммитетіне жұмыстар бөлу бойынша қыздар жұмысына Туганбаева Айнұр Джумабековна, ұлдар жұмысына Туганбаев Рауан Даулетханұлы жауапты. 2016-2017 оқу жылына та-аналармен жұмыс жоспары құрылған.
Сынып жетекшілермен және мектеп педагог-психологі ата-аналармен сауалнама үнемі жүргізіп отырады.
Хаттама
№1
Күні 07.09.2016 жыл
Қатыспағаны
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
Көксай негізгі мектебінде ата-аналар жиналысын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Игиликова күн тәртібін таныстырумен бастады.
Өткен оқу жылының қортыныдысы бойынша мектеп директоры А.Бекбергенов сөз алды. Баланың өміріне екі-ақ адам жауапты. Ол мұғалім мен ата-ана. Ендігі әр жиналысыз осылай өтеді. Әр сыныптың сынып жетекшісі тұрып, өз сыныбында болып жатқан қозғалыс, яғни сабақтан кешігетін оқушылардың ата-аналарын атап, себептерін сұрап отырды. Оқушылардың киімдері, мектеп формалары, шаштарының өскені туралы айтып өтті.
Шешімі:
1. Жаңа оқу жылына құрамдар сайланды.
2. Сынып жетекшілер өз сыныбындағы ата-аналармен тығыз байланыста болып, жұмыс одан әрі күшейтілсін.
3. Ата-налар сабақтан тыс уақытта өміріне, сабағына, тәрбиесіне аса назар бөлініп, көңіл бөлінсін.
Хатшы. Ж. Ибраимова