Мерекелік іс-шаралар » Страница 7 » Көксай негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Көксай негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 42-96-8-06
Оқу бөлімі:
+77471962126
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мерекелік іс-шаралар
06
май
2017

Мерекелік іс-шаралар


Тақырыбы: «Достық күші -бірлікте»

 

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» аттыбір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамдадәстүр менсалтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр мерекесі құтты болсын!

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің басқаға ауысып жойылуына қарсымыз. Сондықтан, біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда, халықтар арасындағы тұрақты бейбіт қарым - қатынастың ғана сақталуын емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттің өзін дамытуды сақтауды білдіреміз». Бірінші мамыр мейрамы ортақ тарих, дәстүрмен біріккен біздің көп ұлтты Республикамыз үшін ерекше қымбат. Біздің жерімізде әрқашан бейбітшілік пен ырыс - береке болсын. «Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дейді халықтың әпсанасы.

Енді ортаға әр ұлт өкілдерін шақырайық

1. Мектепалды даярлық тобын – «Түрік» халқы

2. 1-сынып оқушылары «Татар» халқы

3. 2-сынып «Чешен» халқы

4. 3-сынып «Өзбек» халқы

5. 4- сынып «Неміс» халқы

6. 5- сынып «Қазақ» халқы

7. 6-сынып «Орыс» халқы

8. 7 сынып «Корей» халқы

9. 8- сынып «Ұйғыр» халқы

10.9-сынып «Украин» халқы

 Атаулы мерекемен құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Айтқабыл Құрманбайұлы Бекбергеновке береміз.


Хор: «Достық»


 

 

 

 






 

 

 

 


 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні"

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жылы жол болар.
Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.
Мұғалім сөзі: - Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған. Жыл басы – Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын – күлкінің көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала болған. Міне, енді сол ауылда болып жатқан « Наурыз тойы – дәстүрлі мереке » атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Оқушы.Наурыз жыр:
Наурыз келіп, қар кетті.
Ақ қар көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен қар кірді.
Наурыз келіп, жас кірді,
Жас хабаршы әз кірді.
Күнге тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
Мұғалім:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ.
Оқушы:
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай,
Құтты болсын Наурыз той!

Мұғалім: Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, кәне, соны көрейік. Ортаға Мейрам, Райымбек, Рауан, Мейрамгүл, Аманжан шығады.
Оқушы:
Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Оқушы:
Ұлыс береке болсын,
Бәле – жала жерге енсін.
Оқушы:
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Оқушы:
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Бі лім - өнер серік болсын!
Оқушы:
Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
Мұғалім: Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане, кімқандай ұлттық ойындар біледі? ( Қыз қуу, бәйге, көкпар, күрес, теңге алу, асық ойнау).
- Олай болса, біз де бүгін тойымызда осы ойындарды ойнап көрейікші.
1. « Қыз қуу ойыны ». Мақал – мәтел айтып жарысады.
2. « Күш сынасу » ( білектесу ).
Мұғалім: Балалар, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Міне, бүгін аналарың сендерге наурыз көже пісіріп жіберген екен, ал біз аналарымызға арнап« Қазақтың дастарқаны » атты әнімізді айтып берейікші.
Хор: « Қазақтың дастарқаны ».
Қорытынды сөз: Осымен тәрбие сағатымызды батамен аяқтай отырып, наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.

 

 

 

 

 

 




 

 








 

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші


Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші

Өткізген:Джумажанова Гүлмира Батырбайқызы, Скакбаева Рауза Рахметқызы

Мақсаты:

оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;

өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі:

Слайд. Кітап сөресі

Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагері: Уразбаев Тоқтарбек Қанашұлы

Кездесу кештің барысы

Жүргізуші:

— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толуына арналған «Ауғанның от — жалыны» атты жауынгер интернационалистермен кездесу кешін

Бірге: ашық деп жариялаймыз!

 

Жүргізуші:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.

Имран:1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың

15 ақпан күні — Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі. Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де аз емес. Олай болса бүгінгі кездесу сағатымыздың құрметті қонақтары — жауынгер – интернационалистерге қошемет көрсетейік. Ол: Уразбаев Тоқтарбек Қанашұлы

Жұпар:Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Боздақтарға басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат қайғыны

Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға басымызды иіп тағзым етейік!

Мейіржан:Арманына жете алмаған ұлын ойлап

Ананың құрғамаған көзі жастан-

демекші өмірінде естіп білмеген жерде ұлының қазаға ұшырағаны көптеген аналарымыздың көз жасының себепкері болды.

Әрине уақыт өте, бейбіт өмірдің шуағы жарқыраған шақта, сол қаза болған асыл азаматтар халқының мәңгі есінде сақталып, бүгінде оларға ескерткіштер орнатылып, көше аттары беріліп, құрметке ие болуда.

Арай:Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,

Халқым аман болсыншы деп тіледі.

Егеменді ел болып етек жаптық,

Төбемізден көк байрақ желбіреді.

 

Қыран: Құрметті жауынгер интернационалистер, Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің 7 сынып оқушысы Қайырбек Аяулымның орындауында «Қазақстан, алға!» әнін қабыл алыңыздар

Ән

Жұпар: Былтыр Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына Амангельды Жантасовтың « Қара – майор отряды» атты кітабы жарық көрді. Сол кітаптың мазмұны жөнінде видео бейнеге назар аударайық.

Видео Слайд көрсетілімі

Жүргізуші: — 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

Мадина: — Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

Азамат: — 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 10 жылға созылды.

Жау дейміз — ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..

агитбригада

Жұпар:

Өтер жылдар, артып тағы алыстап,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

Мейіржан:

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.

(Әңгіме сұхбат жүргізіледі)

Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?

Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?

Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?

Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?

Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?

Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?

Арай:

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Сәтбаев қаласының абыройын асқақтатуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп — құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.

Жүргізуші:

Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Сіздердің Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын.

Жұпар: Енді ондай соғыс ешқашан болмасын. Тәуелсіз елімізде мәңгі тыныштық орнасын! Еліміздің көк туы биікке желбіресін!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп — көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
Мақсаты:
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше кенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
Түрі: кездесу кеш.
Қатысушылар: 7 – 8 сынып оқушыларының әкелері.
Көрнекілік: «Әке – асқар тауым» атты плакаттар, «Менің отбасым» сурет көрмесі, слайд, карточкілер т. б.
Қолданылады маркер, плакаттар, түрлі түсті қағаз фигуралар, сауалнама парағы, мақалдар, жаднама, қайшы, желім т. б.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз.
2. Тренинг «Танысу»
3. «Әкешім - тірегім»
4. Тест «Бала тәрбиесі»
5. Сұрақ - жауап оқушы мен әкелерге
6. РЕФЛЕКСИЯ
Кіріспе сөз.
Армысыздар, құрметті әкелер!
Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ – деген мақал өмір шындығы екені анық. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшырататын әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр бір отбасында ата - ананың орыны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Ұлтымызда «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оған шимай қалай салынса, бала тәрбиесі де солай сияқты» деген Ж. Ж. Руссо.

Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. "Әке — асқар тау", "Әке — бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. "Әке балаға сыншы" дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. "Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері туар" деген халқымызда дана сөз бар.
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді? (мәлімет беру)
1. Тренинг «Танысу»
- Сіздің есіміңізді кім қойды?
- Сіздің есіміңіз қандай мағына білдіреді?
- Сізге өз есіміңіз ұнай ма?
- Есіміңізді өзгерткіңіз келе ме?
2.«Әкешім - тірегім»,
1. Бұрынғы отбасы, кәзіргі отбасынан өзгеше болған, деген ұғым бар неге деп ойлайсыз?
«Егер мен сиқыршы болсам...» деген тақырыпта балалардың жүрек жарды әке туралы ойларын білсек.
3. «Қоршаған ортаның балаға әсері» қандай деп ойлайсыз?
Қоршаған орта
● Жаман жағы-------
● Жақсы жағы-------
Тест «Бала тәрбиесі»
Әр дәуір кезеңінде ата – ана балаға тәлім – тәрбие берумен бірге, олардың бойында ақыл – қайрат, білім – тағылым алуға үнемі көңіл аударып, жеке мән беріп отырған.
Құрметті әкелер, Сіздің назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс – тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата – ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни, әрбір сұрақтан кейін сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес жауап нұсқаларын белгілеңіз. Іске сәт!
1. Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі жыртылып, немесе бет – аузы көгеріп келеді. Сіз:
а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;
ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта - қайта айтып, балаға ұрсасыз;
б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешуі керек.
2. Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:
а) олардың ата – аналарымен сөйлесесіз;
ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;
б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.
3. Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:
а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз;
ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз;
б) балаңызды жеңілуді ұнатуы үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.
4. Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйықтауы керек болса да жатқысы келмейді. Сіз:
а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;
ә) қалаған уақытта жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;
б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Мақсаты: Ұзақ жылдар бойы бостандық үшін күрес жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіз біздің халқымыз үшін аса қымбат екенін көрсете отырып, сол кезеңнің көрнекті өкілдерін, халқымыздың мұңын ойлаған, қазақтың жазықсыз жалаға ұшыраған зиялыларын, соғыс - жанын қиғандарды, Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын үлгі – өнеге ете отырып, оқушыларды елін, жерін, қорғауға дайын болуға, қоршаған ортаны аялауға және өз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: видео, музыка
Сабақтың барысы
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
ҚР мемлекеттік гимні
2 - жүргізуші:Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырдық. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш
Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Көрініс «Қазақ хандығының құрылуы»
Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
1Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға: Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2 Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3 Ақсақал: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткена арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
2 жүргізуші: «Ризамын» қыздар тобы
1-жүргізуші: «Қазақша би»
2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
1 - жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2 - жүргізуші: Ата – бабаларымыз осы күнге жету үшін тағы бір қиын қыстау кезең 2 дүние жүзі соғысын басынан өткізді. ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.
Дауыс, видео 2 дүние жүзі соғысының басталуы
Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.
1-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.
Көрініс соғыстан келген майдангерлер
«День победы» 11 сынып оқушылары
1 - жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
Осыдан 29 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.
Көрініс.
- Қыздар, мен газет әкелдім.
- Не жаңалық шығыпты?
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына
В.Колбинді тағайындапты.
- Колбин деген кім екен?
- Қайдан келіпті?
- Колбин Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
- Біз демократияны талап етеміз.
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
1 жүргізуші:Көрініс «Қайраттың түрмедегі тергелуі»
Тергеуші: Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....
Қайрат:Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!
«Желтоқсан желі» видео
2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1 жүргізуші
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Ән: «Атамекен» орындайтын
1 оқушы
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
2 оқушы
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
3 оқушы
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
4 оқушы
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
5 оқушы
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
ҚР мемлекеттік Гимні
2 - жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


 

 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 









 

Похожие публикации:

13 апрель 2022 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Shelia
29 июня 2022 06:33
Usun thเว็บสล็อตโดยตรงฝาก 5 บาท รับ 50 ล่าสุด 2565ไม่ผ่านเอเย่นต์ เว็บสล็อต ฝาก-ถอนอัตโนมัติ มาแรงในปี 2022 สล็อตเว็บโดยตรงกำลังเป็นที่นิยมในหมวดการพนันออนไลน์ เว็บสล็อตได้เปิดให้บริการเกมสล็อตออนไลน์แล้ว สำหรับผู้เล่นที่กำลังมองหาสล็อตเว็บตรง 2022 มีเกมสล็อตให้คุณเลือกมากกว่า 1,000 เกม
Dieter
29 июня 2022 10:28
hi!,I really like your writing so a lot! share we keep in touch extra about your article
on AOL? I require an expert on this house to solve my problem.
May be that's you! Having a look ahead to look you.

My webpage - twilight-mailorder
Katharina
29 июня 2022 11:34
Привет, я думаю, что я видел, что
вы зашли на мой блог, таким образом я пришел, чтобы "вернуть долг".
Я пытаюсь найти что-то, чтобы
улучшить мой сайт! Я полагаю, что нормально использовать
ваши идей для себя!!

Look into my wbpage :: описалово
Mittie
29 июня 2022 13:05
Я очень впечатлен вашими навыками письма, а
также мне понравился макет вашего блога.
Это платный шаблон или можно изменить его самому?
В любом случае продолжайте писать качественные статьи,
сегодня не часто можно увидеть хороший блог, как
этот. Благодарю вас

My webpage ... сюда
Sabrina
29 июня 2022 13:07
Hmm is anyone else experiencing problems with the images on this blog loading?
I'm trying to find out if its a problem on my end or if it's the
blog. Any suggestions would be greatly appreciated.


My web-site :: coba777
Stuart
29 июня 2022 15:53
Thank you for the auspicious writeup. It if truth be told used to be a
enjoyment account it. Glance advanced to more added agreeable from you!
However, how can we be in contact?

My web blog ... rtp slot777
Nicholas
29 июня 2022 20:04
It's an amazing article in support of all the web viewers; they will obtain advantage
from it I am sure.

Also visit my web-site временная почта
Marshall
30 июня 2022 04:37
What's up, just wanted to mention, I enjoyed this post. It was practical.
Keep on posting!

Also visit my website qiu qiu online
Susanne
30 июня 2022 07:19
all the time i used to read smaller articles or reviews which as well clear their motive, and that is
also happening with this article which I am reading at this place.


Feel free to visit my web site; citizenship law firm
Vickey
30 июня 2022 08:02
Hi there to all, the contents present at this web page
are in fact remarkable for people experience, well, keep up the good work fellows.


Also visit my site ... tng-Online
Zandra
30 июня 2022 09:05
Make money trading opions. The minimum deposit is 10$.

Learn how to trade correctly.
How to earn from $50 to $10000 a day. The more you earn, the more profit we get.

Binary option
Alberto
30 июня 2022 11:15
As I website possessor I believe the content matter here is rattling
excellent , appreciate it for your efforts. You should keep it
up forever! Good Luck.

my website sequential printing raise3d
Noreen
30 июня 2022 15:03
Make money trading opions. The minimum deposit is 10$.


Learn how to trade correctly.
How to earn from $50 to $10000 a day. The more you earn, the more profit we
get.
Binary option
Lorie
30 июня 2022 19:13
Well I truly liked reading it. This post provided by you is very useful for proper planning.


Feel free to surf to my blog post - modix big 120z
Genesis
30 июня 2022 23:45
What's Going down i'm new to this, I stumbled upon this I've discovered It positively helpful and it has aided me out loads.
I'm hoping to contribute & help other users like its aided
me. Great job.

my webpage: agenslot777
Cecil
1 июля 2022 00:10
Вау, этот пост хорошая, моя младшая сестра любит такие
вещи, из-за этого я собираюсь рассказать ей.


Here iss my web page; смотри здесь
Bennett
1 июля 2022 00:47
Hey there, You have done an incredible job. I'll
definitely digg it and in my view suggest to my friends.
I'm sure they'll be benefited from this site.

My blog post - einscan s desktop 3d scanner
Bradly
1 июля 2022 00:53
Does your site have a contact page? I'm having a tough time locating it but, I'd like to send you an e-mail.

I've got some recommendations for your blog you might be
interested in hearing. Either way, great blog and I look forward to seeing it
improve over time.

Here is my site wouterseethuis
Larhonda
1 июля 2022 06:18
What's Taking place i am new to this, I stumbled upon this I've discovered
It positively helpful and it has helped me out loads.
I hope to contribute & aid other users like its
helped me. Great job.

my blog post; boca88
Lonna
1 июля 2022 10:29
Hiya very cool web site!! Guy .. Beautiful ..
Amazing .. I'll bookmark your blog and take the feeds
additionally?I am satisfied to find so many useful info right here in the post,
we want work out extra strategies in this regard, thank you for sharing.



Here is my web site; creality cr-10 usb connection, cr5-pro02.com,
Matthias
1 июля 2022 14:22
Thanks a lot for sharing this with all of us you actually realize what you're speaking approximately!
Bookmarked. Kindly additionally talk over with my web site =).
We will have a link trade agreement among us

Stop by my blog post - 3d printing large items
Lolita
1 июля 2022 18:32
Wow, superb blog layout! һow to buy cheap singulair pricеs long hɑve you been blogging fоr?
you make blogging ⅼook easy. Тhe overall lοok of youг site is great, let alone the
content!
Santiago
1 июля 2022 21:34
Thanks for finally talking about >Мерекелік іс-шаралар » Страница 2 » Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксай негізгі мектебі <Loved it!

my web-site; exoticmetalinteriors
Frances
2 июля 2022 00:04
We are additionally open to prominence within the
calculation of the primary Bitcoin miners. Relevance to different bockwithholding
strategies miners who combine their computing energy and mining problem.
0.Fifty five virtually all customers can stomp on and which
strategies miners should undertake based on the exercise. The
monetary crimes enforcement network users still the most typical
individual end-consumer wallets. Futures trading Fee had not formally permitted the creation of the paper operates by Bitcoin customers.
89.9 on the second solution is sub-optimal as a result of it
consists of the transaction of a sure creation fee.
The owner is just limited to see an instance transaction I sent to.
One thousand check dimension and the blockchain confirmation are no interruptions and worth might be
despatched output funds. I usually listen to the perceived value of technological progress till it may well confirm.

By means of them111in follow can increase income or. Here comes the data to all other coins
must follow totally different distributions for risk-averse traders.
ARIMA model for eradicating this matrix is motivated by spectral graph filtering
on the graph structure information.

my homepage - http://www.freeok.cn/home.php?mod=space&uid=1499458
Genia
2 июля 2022 04:56
Теплый пол — общее название
для конструкций, которые укладывают под жесткое или мягкое напольное покрытие по всей площади комнаты либо в локальных участках.
Водяные системы — это отопительные устройства, которые используют
как основной или вспомогательный источник обогрева.
Температура воздуха регулируется вручную и с
помощью автоматических приборов при помощи автоматики (автоматов).

Электрические — в качестве нагревателя используется резистивный электрический кабель, закрепленный на сетчатой ленте; карбоновые стержни с волновым инфракрасным
излучением. Консультанты помогут подобрать необходимое оборудование для любых типов
зданий.

Also visit my web site ... {0.5 м2
Delia
2 июля 2022 06:29
Я чрезвычайно удивлен вашими навыками написания, еще мне понравился макет вашего блога.
Это платный шаблон или можно изменить его самому?

В любом случае продолжайте писать отличные статьи, в наши дни не часто можно увидеть хороший блог, как этот.
Спасибо вам

my page :: [url=https://www.infoorel.ru/public/public_echo.php?id=3725&id_razdel=233]1[/url]
Elissa
2 июля 2022 17:15
Penis Thickening Growth Enlarge Massage Enlargement Oils Man Big Dick Enlargment Liquid Cock Erection Enhance Men Health Care 28 cm.

10$.
Oils Man Big Dick
Mariano
3 июля 2022 19:45
Its like you read my mind! You seem to know a lot about this, like you wrote the book in it or something.
I think that you could do with a few pics to drive the message home a bit, but other than that,
this is excellent blog. A fantastic read. I will
certainly be back.

Feel free to surf to my web site; lore-design
Autumn
3 июля 2022 20:13
If some one wants to be updated with newest technologies
therefore he must be pay a visit this site and
be up to date all the time.

Feel free to surf to my web site agen slot777